02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №305

372 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 20 наурыз, Астана қаласы Сапаға сараптама жүргізу жөніндегі заңды тұлғалардың автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 36) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Сапаға сараптама жүргізу жөніндегі заңды тұлғалардың автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдар комитеті (М.Қ.Пішембаев): 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ «Келісілген» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________Б.Сұлтанов 2015 жылғы 14 сәуір «Келісілген» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _________________Е.Досаев 2015 жылғы 29 мамыр Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 305 бұйрығымен бекітілген Сапаға сараптама жүргізу жөніндегі заңды тұлғалардың автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы сапаға сараптама жүргізу жөніндегі заңды тұлғалардың автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 36)тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. Қағида Қазақстан Республикасының жол қызметі субъектілерінің барлығы үшін міндетті болып табылады. 3. Қағида мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) уәкілетті орган – автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік орган; 2) сапаға сараптама жүргізу жөніндегі заңды тұлғалар – автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстардың, сондай-ақ бұл ретте пайдаланылатын материалдардың сапасына сараптама жүргізу бойынша функциялар жүктелген, автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарауындағы ұйымдар (бұдан әрі – ұйымдар); 3) тапсырыс беруші – мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша қызметтер, жұмыстар тауарларды сатып алуды жүзеге асыратын олармен үлестес заңды тұлғалар; 4) техникалық қадағалау - орындалған жұмыстың сапасын, мерзiмiн, құнын, қабылдап алынуын және объектiнiң пайдалануға берiлуiн қоса алғанда, жобаны iске асырудың барлық сатысында құрылысты қадағалау; 5) авторлық қадағалау – сәулеттік немесе қала құрылысы шығармасының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзірлемешілер жүзеге асыратын құрылыс жобасының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі автордың құқықтылығы; 6) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама – (бұдан әрі – сараптама) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде қолданыстағы нормалардың және стандарттардың, жоба мен техникалық құжаттамалар талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге арналған ұйымдар жүзеге асыратын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстар мен материалдарың сапасына жоспарлы және/немесе жоспардан тыс сараптама; 7) жұмыс жүргізу объектілері – автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау объектілері, сондай-ақ мердігерлік шарт пен кепілдік кезең шеңберінде жүзеге асырылатын жобалық және техникалық құжаттама құрамына кіретін объектілер; 4. Сараптаманың мақсаты жобаның, мердігерлік шарттар мен нормативті-техникалық құжаттардың талаптарын сақтай отырып, жолдар мен құрылыстардың конструкциялық элементтерінің, материалдардың, жұмыс жүргізу технологиясының жарамдылығын белгілеу болып табылады. 2. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру тәртібі 5. Сараптама осы Қағида мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативті-техникалық құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. 6. Сараптама, сараптаманың нақты емес нәтижелерін болдырмайтын, сараптама жүргізу үшін қолайлы климаттық жағдайлар кезінде жүзеге асырылады. 7. Ұйымның сараптамасын жүргізу мақсатында тапсырыс берушімен бірлесіп шарт жасалған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде нысан бойынша сапаға сараптама жүргізу үшін заңды тұлғалар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыруды Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес сараптама жүргізудің жоспар-кестесін (бұдан әрі – жоспар-кесте) әзірлейді және бекітеді. 8. Жоспар-кесте тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырылады. 9. Жоспарлы сараптама міндетті түрде сараптамалар жүргізу жөніндегі жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асырылады. 10. Жоспардан тыс сараптама: 1) сараптаманы қайталап өткізу немесе анықталынған бұзушылықтар мен ақауларды жою фактілерін анықтау мақсатында нысан бойынша сапаға сараптама жүргізу үшін заңды тұлғалар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес сараптама нәтижелері бойынша теріс қорытындылары (бұдан әрі – Сараптама қорытындысы) болуы кезінде; 2) уәкілетті органның тапсырмалары бойынша жүзеге асырылады. 11. Сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде ұйымдар: 1) сертификатталған, тексерілген және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген аспаптарды, жабдықты және өлшеу құралдарын қолдану арқылы қолданыстағы салалық нормативтік-техникалық құжаттармен регламенттелген сынақтар мен өлшеу әдістеріне сәйкес сараптама жүргізеді; 2) сараптаманы 10 (он) жұмыс күні ішінде қорытындысын шығара отырып жүргізеді; 3) жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша қорытындыларды мердігерлер мен тапсырыс берушілерге жібереді; 4) сараптамалардың қорытындыларына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша тапсырыс беруші шара қолданбаған жағдайда, тиісті шаралар қолданылуы үшін уәкілетті органды хабардар етеді. 12. Сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде ұйымдар: 1) сараптама жүргізу мақсатында өндірістік объектілерге кедергісіз бола алады; 2) техникалық және адамдық ресурстар, материалдар мен жабдықтар және жұмыс жүргізу объектілерінде іске асырылған жұмыс көлеміндегі есеп саласындағы автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік орган өкілінің функциясын орындай алады; 3) қажет болуына қарай, жобалық, техникалық және атқарушылық құжаттарымен таныса алады. 13. Тапсырыс беруші сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде: 1) Қағиданың 7-тармағына сәйкес жоспар-кестені бекітеді; 2) сараптама жүргізу кезіңінде мердігер өкілдерінің, инженерлік қызметтер мен өзгеде мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз етеді; 3) ұйымдардың жұмыс жүргізу объектілеріне кіруін қамтамасыз етеді; 4) жобалық, техникалық және атқарушылық құжаттамаларды береді; 5) ұйымдардың қорытындыларында көрсетілген бұзушылықтарды орындау бойынша мердігерлерді бақылайды; 6) мердігерлік шартқа сәйкес, ұйымдардың теріс қорытындысын алған сәттен бастап мердігерлерге ықпал ету шараларын қолданады; 7) ұйымдарды мердігердің қорытындыларға сәйкес бұзушылықтарды жою нәтижелері бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабардар етеді. 14. Тапсырыс берушінің сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде: 1) ұйымдармен бірлесіп сараптама жүргізу жөніндегі жоспар-кестеге түзетулер енгізеді; 2) сараптаманың қорытындысымен танысады; 3) өтінім беру арқылы қайта сараптама жүргізеді. 15. Мердігер сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде: 1) сараптама жүргізу үшін жұмыс жүргізу объектісінде ұйымдардың қол жетімділігін қамтамасыз етеді; 2) сараптама жүргізу кезеңінде ұйымдарға жобалық, техникалық және атқарушылық құжаттарды береді; 3) сараптаманың қорытындыларына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде іс-шаралар жүргізеді. 16. Мердігерлердің сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде: 1) сараптаманың қорытындысымен танысады; 2) қайта сараптамалар жүргізу тапсырыс берушіге және ұйымдарға жазбаша түрдегі хабардар ету арқылы бастамашылық етеді. 17. Сараптама қорытындылары: 1) жұмыс жүргізу объектілерінің атауларын; 2) тапсырыс берушілердің, мердігерлердің, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асырушы тұлғалардың атауларын; 3) іс-шаралар мен сараптаманы жүргізу мерзімдері көрсетіліп, сараптама негіздеуін; 4) нормативті-техникалық реттелетін құжаттарға сәйкес ресімделген сараптаманың қорытындыларын; 5) ұйымның мөрімен куәландырылған ұйымның қызметкерлері, ұйымның басшысы қатарынан тікелей сараптама орындаушысының қолын қамтуы тиіс. Осы сапаға сараптама жүргізу жөніндегі заңды тұлғалардың автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидасына 1-қосымша Нысан Сараптама жүргізуді жоспар-кестесі «КЕЛІСІЛДІ» ҚР ИДМ АЖК «Облжолзертхана» РММ басшысы ____________________ ТАӘ «___» _____________ 201_ж. «КЕЛІСІЛДІ» «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ директоры ____________________ ТАӘ «___» ______________ 201_ж. № Объектінің атауы наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан қараша 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары Осы сапаға сараптама жүргізу жөніндегі заңды тұлғалардың автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидасына 2-қосымша Нысан Сараптама қорытындысы 1. Жұмыс жүргізу объектілерінің атауы: ______________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ 2. Тапсырыс берушінің атауы: _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ 3. Мердігердің атауы: ____________________________________________________________________________ 4. Техникалық қадағалаудың атауы: ________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ 5. Авторлық қадағалау атауы: _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ 6. Сараптама негізі: _____________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ 7. Сараптама нәтижелері: _______________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ 8. Сараптама қорытындысы: _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ Ұйым басшысының қолы __________________ _________________ (Т.А.Ә.) Сараптама орындаушының қолы ___________ _________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 1 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11523 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше